Хабар телеарнасы

«Бес жұлдыз»

«Бес жұлдыз»

Жұлдызды сайыс жаңа форматта. «Бес жұлдыз» – әлемде баламасы жоқ, отандық жоба. Жобаның басты ерекшелігі – ұмыт бола бастаған тәлімгер мен шәкірт сабақтастығын қайта жаңғырту. Жас таланттардың бағын ашатын шоу республикалық ауқым алып отыр. Еліміздің барлық өңірінен келген 30 сарапшы өз бағасын беріп, үздік орындаушыны таңдайды.

«Бес жұлдыз» сахнасы таланттыларды танымал ететін бірегей жоба болмақ. Мұнда келген кәсіби әншілер жай ғана өнер көрсетіп қоймайды. Тәлімгерлік шеберлігін шыңдап, шәкіртінің жүзден жүйрік болуына бар күшін салады. Сол үшін танымал жұлдыз, жас талантпен бір сахнада ән шырқайды.

Шоуға қатысушылардың өнерін әдеттегідей көрермен емес, әр өңірден арнайы шақырылған музыка мамандары бағалайды. Үміткерлердің кем-кетігін айтып, өнер жолына дұрыс бағдар беруге тырысады. Шын жүйрікті бірге анықтайық! Әр сенбі 19:00-де «Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыз!