Хабар телеарнасы

Енді қазақстандықтар смартфондарына қауіпсіздік сертификатын орнатпайды

Қауіпсіздік сертификатын орнатудың қажеті жоқ. Бұл тест ретінде  жасалған болатын. Соның нәтижесінде киберқауіптің алдын алу жүйесі әзірленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ еліміз сертификаттан толықтай бас тартпайды. Қажет болған жағдайда оны қайта қосу туралы тұрғындарға ескертетін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында: «Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы, сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы елде интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», – деп жазды.