22:00Әрі қарай: Концерт «Hassak-Nama»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Асхат Оралов: Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана

  • Категория: Саясат
Асхат Оралов: Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана

Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана. Бұл туралы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы «Talqylau» партиялық алаңында мәлімдеді.

Асхат Ораловтың сөзінше, референдум елдегі демократия институтының нығаюына септігін тигізді. Сондай-ақ диалог алаңында еліміздің сарапшылары және Премьер-Министрдің орынбасары болды. Әрқайсысы өткен саяси науқанның қорытындысына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

 - Қабылданған шешімнің қоғамның басын біріктіруге мүмкіндік жасады деп айтсам да артық айтқандық емес. Сондықтан осындай қабылданған шешімнің бәрі, сөз жоқ, елдің сана-сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Халық Президенттің қабылданған реформаларын қолдады.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

 - Бұл маңызды саяси оқиға мемлекетті демократиялық құндылықтарға негізделіп құруға мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – саяси реформалардың басы ғана. Елімізде жан-жақты жаңғырту жұмысы жалғасады. Біз соған белсенді атсалысамыз.

Сондай-ақ...