Хабар телеарнасы

Президент қызметі туралы үш томдық жинақ жарық көрді

Президенттің Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге сапары барысында, түрлі жиында сөйлеген сөздерін, үндеулері мен мәлімдемелерін отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттары мен түрлі басылымда жарияланған мақалаларын үш кітапқа топтастырып шығарды. Бұл туралы өзінің Facebook-парақшасында Берік Уәли жазды.

Жинаққа Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиындардың фотосуреттері де енген. Кітапта жарияланған материалдар жас ізденушілерге, мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп жатқан қызметшілерге құнды әрі деректі құжат болмақ.