Хабар телеарнасы

Алматыда баскетболдан жастар арасындағы ел біріншілігі басталды

Алматыда баскетболдан жастар командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды.

Еліміздің 7 өңірінен келген командалар өзара жүлделі орындарды сарапқа салуда. Жеңімпаз команда төрт турдан кейін  белгілі болады.

Бас жүлдеден басты үміткерлер қатарында Атырау мен Астана бар. Өйткені бұл команданың құрамындағы көптеген ойыншылар ұлттық құрама сапында ойнайды. Дегенмен алғашқы турда алаң иелері яғни Алматы баскетболшылары да азулы командаларға қарсы тұрып, жүлделі орыннан дәмесі бар екенін байқатты. 4 ойыннан кейін 6 ұпай жинаған «Динамо» әзірше турнир кестесінің екінші сатысында келеді. Топ басында ұпайдан шашау шығармаған «Астана» тұр. Атыраудың «Барыс» командасымен Талдықорғанның «Намысы» 5 ұпайдан жинап, турнир кестесінде үзеңгі қағыстырып келеді. Екінші тур Шымкент қаласында өтеді.

Иван Гайна, мемлекеттік жаттықтырушы:
- Бұл жарыстың негізгі мақсаты
жастардың шеберлігін шыңдау, өңірлердегі баскетболды дамыту және жас өрендердің осы бір спорт түріне деген қызығушылығын арттыру.  Басты фавориттер Астана мен Атырау облысы. Өзге командалардың да аяқ алысы жаман емес. 4 турдан ұлттық құраманы қайта жасақтап, осы ел біріншілігінде көзге түскендерге шақырту береміз.