+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ticketon Award байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ticketon Award байқауының жеңімпаздары марапатталды

Еліміздегі Ticketon.kz билеттерді онлайн сату сервисіне 10 жыл толып отыр.

Осынау мерейтойға орай Алматыдағы Республика сарайында жылдағы дәстүр бойынша Ticketon Award байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Ticketon Award» байқауы 2018 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Халықтың мәдени шараларға деген қызығушылығын анықтау мақсатында қолға алынған жоба биыл компанияның 10 жылдығымен тұспа-тұс келіпті. «Осы жылы дауыс берушілердің саны 50 мыңға жетіп, белсенді көрерменнің қатары арта түсті», – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Виктория Торгунакова, «Ticketon» компаниясының бас директоры:

- «Ticketon» байқауына деген қызығушылық та жыл сайын артып келеді. Биылғы марапаттау біз үшін ерекше деп айтсақ болады. Өйткені осы байқауды бастағанымызға 5 жыл, ал «Ticketon» сервисінің құрылғанына 10 жыл толып отыр

Ticketon сыйлығы мәдениет, өнер және спорт саласының саңлақтарына берілді. Биыл жеті санат бойынша 29 номинация иегерін анықтады. Көпшіліктің дауыс беруі арқасында Олжас Ибраев түсірген комедия жанрындағы фильм ең үздік деп танылса, Дәурен Серғазин «Ең үздік актер» номинациясын жеңіп алды.

Дәурен Серғазин, «Үздік актер» аталымының жеңімпазы:

- Ең біріншіден, Ticketon компаниясын 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Халыққа біраз жылдан бері қызмет етіп келеді. Өзіміз де қолданамыз. Өте ыңғайлы әрі тез. Қатысушыларды, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын.

Өткен жылдың соңында америкалық биржада тіркелген «Freedom» халықаралық холдингі «Ticketon» компаниясын сатып алған екен. Енді бұл ұжым жаңа леппен жаңаша бағытта дами бермек.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Сондай-ақ...