Хабар телеарнасы

Қарағанды облысының жастары саябақты тазалады

Қарағанды облысында жастар «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында саябақтар мен гүлзарларды, тарихи-мәдени ескерткіштерді тазалады. Сондай-ақ саябақ ішіндегі қоқыс жинады.

Келесі аптада мұндағы ағаштар түптеліп, көшет отырғызылады. Акция басталғалы өңір бойынша сенбілікке 40 мыңдай адам қатысқан. 10 мың тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.

Ардана Мырзанова, облыстық жастар ресурстық орталығының маманы:
- Алдағы уақытта өзіміздің алашордалық Әлімхан Ермековтың жатқан зират маңайын тазалау, бұлақтардың көзін ашу, маңайын тазалау және аулаларды тазалап, абаттандыру, сылау жұмыстары жүргізіледі.