Хабар телеарнасы

Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалады

Өткен жылы елімізде өндірілген өнімнің көлемі 21,1 триллион теңгені құраған. Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артық. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында саланы дамытудың бағыттарын баяндады. Айтуынша, қазір оң динамика байқалады. Биылғы көрсеткіш жаман емес. Өндіріс көлемі 8 айда 14 триллион теңге болды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 3% өскенін көрсетеді. Жалпы биыл инвестицияның дені тамақ және машина жасау өнеркәсібіне тартылған. Ағымдағы жылы 175 жоба қолға алынып отыр. Олар ел бойынша 12 мың 300 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Кез-келген елдің экономикасында өңдеу өнеркәсібі ерекше орын алады. Биылғы 8 айда саланың өсуі 4% асты. Жалпы өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер белгіленді. Енді оларды белсенді түрде іске асыруды қамтамасыз ету қажет.