Хабар телеарнасы

Белгілі журналист Ерлан Бекхожиннің анасы өмірден озды

Белгілі журналист Ерлан Бекхожиннің анасы өмірден озды

Белгілі журналист, медиа-менеджер Ерлан Қалижанұлы Бекхожиннің аяулы анасы, ұлағатты ұстаз, тарихшы Заида Бекхожина өмірден озды.

Бүкіл ғұмырын өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған өресі биік, жаны жайсаң жан еді. Ол ұзақ жылдар мектепте тарих пәнінен сабақ берді.
«Хабар» Агенттігінің ұжымы марқұмның барша туған туыстарына, жақындарына, ұрпақтарына қайғырып көңіл айтады.

Иманы жолдас болып, пейіште нұры шалқысын.