21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында спартакиада басталды

  • Категория: Қоғам
Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Сайысқа еліміздің облыс, қалаларынан 18 желілік бригада қатысып жатыр.

Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген екі топ бақ сынайды. Әуелі ақ халаттылар жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған симулияциялық орталықтың мүмкіндігімен танысып, тәжірибе алмасты. Екі күнге жоспарланған шарада қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мамандар шұғыл әрекет ету арқылы біліктілігін паш етуі тиіс.

Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
-Жүрекке байланысты, жарақатқа байланысты сынықтар осы төрт түрінен өткізіледі. Енді бұның ішінде фельдшерлер, дәрігерлер өздерінің біліктілігін арттырады. Араларындағы жарыс арқылы жедел жәрдемді уақытылы көрсетуді, сапалы көрсетуді шыңдайды

Сондай-ақ...