Хабар телеарнасы

ШҚО-да жол құрылысы битум тапшылығынан тоқтап тұр

Енді аймақтағы 30 ірі жоба аяқсыз қалуы мүмкін. Ал қыс болса қыр астында. Қазір тығырақтан шығу үшін мердігерлер қолда барын бір-бірімен бөлісіп жатыр. Бірақ бағасы аспандап тұр. Әр тоннасы — 300 мың теңге. Бұл өнімнің зауыттағы құнынан үш есе жоғары. «Битум тапшылығы жол сапасының төмендеуіне де сеп болуы мүмкін»,— дейді мамандар. Жергілікті билік өкілдері өнім бағасының шарықтауын Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының уақытша жабылуымен байланыстырады. 

Нұрбек Тұраров, ШҚО жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
-110 мыңнан 170 мыңға дейін сметада көрсетілген бағасы болса битумның тоннасы, қазіргі таңда 250 мыңнан битум таба алмай жүрген мердігерлер бар. Кейбір ақпараттарға сәйкес мердігер компанияларға 300 мыңнан сатып алуға ұсыныстар түсіп жатыр деген хабар бар.