Хабар телеарнасы

ШҚО-да болған өрт орманшылардың материалдық техникалық базасының әлсіздігін айқындап берді

Мамандардың жалақысы 70-100 мың теңге аралығында. Мысалы, Қатонқарағайдағы Үлкен Нарын орман шаруашылығының аумағы 87 мың шаршы метр. Онда 80-нен астам адам бекітілген. Алайда биылғы қызыл жалынмен күрес кезінде кадр тапшылығы байқалды. Тау-қиясы көп шаруашылықтарға жол талғамайтын көліктер де берілмеген. Енді салалық басқарма облыстық бюджеттен техникалық базаны толықтыру үшін 600 млн теңгеге өтінім берді. Ал жалақы мәселесін министрлікке жеткізіп, жауап күтіп отыр. 

Мұңғылбек Жұмахметұлы, орман баптаушысы:
-Еңбегіміз төмен еңбегімізді есептемейміз, тау мен тасты, өзіміздің Қазақстанды жасылдандыру үшін шаруа істейміз, мысалы, мен 15 жыл істеймін, әзіргі еңбекақым 72 мың теңге.

Мұрат Құсайынов, ШҚО табиғи ресурстар басқармасының басшысы:
-Қанша бізге қаражат керек, жалақыны осындай есептерді өзіміздің министрлікке бердік, біздің министрлік ары қарай қаржы министрлігіне береді, сол салада жұмыс жүріп жатыр. Қанша % көтереді деп мен оны айта алмаймын.