Хабар телеарнасы

Қазақстан - Қытай шекарасында тауар тасымалдаушыларға қатысты тексеріс басталды

Комиссия құрамында Бас прокуратура, қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігінің өкілдері де бар. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екі еле арасында алыс-берісті іске асыратын жеті мыңнан астам кәсіпкерлік субъект бар. Олардың дені тауар импорттаумен айналысады. Қазіргі тексеру солардың ішінде экономикалық оператор мәртебесін алғандарға қатысты жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан шаралар тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге кедергі келтірмейді. Жалпы бұл тексерістің өткізілуі бекер емес. Тауарды тасымалдау кезінде жүктің нақты көлемі азайтылып көрсетілетіндігі және сол арқылы салықтан жалтару сияқты экономикалық қылмыстар орын алады деген күдік бар.