Хабар телеарнасы

«Күзгі аспан» телехикаясы

«Күзгі аспан» телехикаясы

«JILDAM» аса ірі тауар жеткізу желісінің иесі Сара Қалықованың өсіп-өркендеп, жетістікке жету жолы оңай болған жоқ. Алғашқы некесі сәтсіз болған Сара басына түскен қиындықтарды бір өзі еңсеріп шығады. Аяғынан тік тұрды, ұлын Лондонға оқуға жіберді, кәсіппен айналысты. Бүгінде ол еліміздегі ең ірі тауар жеткізу желісін құрып, танымал іскер әйелге айналды.

Сериал әрқайсымыздың осал, әлсіз, мықты тұстарымыздың бар екенін ескере отырып, жігеріңді қамшылап, жақсыға ұмтыла білу керектігін түйсіндіреді. Есеңгірететін жағдайлар әркімнің де басына түсуі мүмкін. Ешкім де тағдырдың сынақтарынан аттап өте алмайды. Бірақ эмпатияны, ұлтқа және өзімізге деген сенімімізді, алға жылжу құқығымызды жоғалтпасақ, біздің жеңіске жетіп, қоғамға пайдалы болатынымыз сөзсіз.

Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:45-те «Хабар» телеарнасынан көруге шақырамыз!