Хабар телеарнасы

Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталушылар соңғы сөздерін айтты. Айыпталушы Байжанов «Ант етемін – ауыр қылмыс болғанын білмедім», – деп өзінің әрекетін ақтады. Ол өз сөзінде марқұмның туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Сотталушы Бишімбаев та Салтанаттың жақындарынан кешірім сұрады. Бұл қылмыс бойынша өзінің кінәлі екенін мойындады. «Бірақ қасақана өлтірген жоқпын» деген ұстанымынан таймады.

Айта кетейік, бұл сот процесі 11 наурызда басталды. Ал Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген айыппен 2023 жыл 9 қарашада ұсталған болатын. Келесі сот отырысы 10 мамырға белгіленді.

Қуандық Бишімбаев, сотталушы:
-
Өзім ұсталған кезден бастап, сол күндегі жағдай туралы айтып келдім. Жазадан құтылып кетуге барлық мүмкіндігім болса да, қашып кетпедім. Мен ешкімге өлім тілеген емеспін. Сол кеште де әйеліме өлім тілеген жоқпын. Іс бұлай аяқталады деп ойламадым. Мен кінәлімін, бірақ қасақана адам өлтірген жоқпын.