Хабар телеарнасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес күшейген

Бүгіннен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары заңгерлер мен психологтардан, полиция және қамқоршылықтан тегін көмек алады. Өйткені Президенттің тапсырмасы бойынша бұл қылмыс түрі үшін жауапкершілік күшейтіліп, Ішкі істер органдарының ерекше бақылауында. Мәселен, 4 айда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 27 мың өтініш тіркелген. 6 мың құқық бұзушы қамауға алынса, дене жарақаты фактісі бойынша 49-ына тергеп-тексеру ісі басталды. 5 мың отбасы зерттеліп, 200 «агрессор» анықталды. 70-і психологиялық көмекке жүгінді. Ал сотта 13 мың отбасы татуласыпты.

Руслан Каржаспеков, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:
-Агрессор, психологиялық курстан өткен отбасыларда тұрмыстық жанжалдар қайталанған жоқ. Заңнамалық өзгерістер бойынша, қоғамдық жұмыстарға тарту, психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өту, агрессорды үйден шығару, алкогольді тұтынуға тыйым салу қарастырылады. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп Қарағандыда отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы ашылған.