Ұлы Отан Соғысының ардагері Оспан Жүсіп үшін Жаңа 2015 жыл ерекше болмақ. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, қарт майдангердің жұбайы Жазира әжеймен отасқанына 70 жыл толады.
Қабду Кәрменов Белоруссия, Украина жерлерін азат ету жолындағы шайқасқа қатысқан. «Майданда белгілі бір қызметті еншілеу деген жоқ. Кім жараланып немесе оққа ұшса, соның орынына тұра қалып, жауға шабасың. Ұрыста тұрыс жоқ», -дейді ардагер.
Ұлы Отан соғысында із-түссіз жоғалып кеткен қазақ жауынгері Сейдуман Кенжебаевтың «Майдандағы ерлігі үшін» медалі артында қалған ұрпағына табысталды.
Семейлік ардагер Ғаболғазиз Ахмеров Батыс Еуропаны фашистерден азат етуге қатысқан. Бірнеше орден, медальдердің иегері.
Солардың бірі майдангер, әуе десанты қызметінің ардагері – Бағыт Қуанышев. Қария мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке аталық ризашылығын білдірді.
Елбасының жаңажылдық құттықтауын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тапсыру шарасы Сыр өңірінде жалғасын тапты. Бүгін облыс әкімі Қызылорда қаласындағы 5 майдангердің шаңырағында болып, Президенттің сәлемдемесін жеткізді.
Президент сәлемдемесі облыстың түкпір-түкпірінде тұратын 20 ардагердің үйіне жеткізілді. Солардың бірі - Камали Дүйсембеков.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақжайық өңірінің 17 ардагерін мерекемен құттықтап, хат жолдады. Елбасының сыйлығын алған ардагерлердің қуанышында шек жоқ.
Кәмкетай Байыров 17 жасынан еңбекке араласқан. Бірақ тосыннан сұрапыл соғыс басталған соң, өз еркімен майданға аттанады. Ардагер, сол бір отты жылдар әлі күнге көз алдымда, - дейді.