Жауын-шашынның жалғасуына байланысты алдағы тәулікте (15-16 қаңтарда) Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының кей жерлерінде қар жауып, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерінде қар қалың жауады.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды жел мен қатты боран туғызған суық атмосфералық фронттар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты.