Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясы бойынша жауын-шашын, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюін алып келеді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей өңірінде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.