Ұлы Отан соғысындағы ерліктері лайықты бағаланбай қалған қанша батырымыз бар.
Ұлы Отан Соғысы бойынша барлық жаңалықтар
Отты жылдардың отты әндері.
Президент Мәскеудегі белгісіз жауынгер бейітіне барып, Ұлы Отан соғысы құрбандарының рухына тағзым етті.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 140 мың жауынгердің бес мыңнан астамы Түлкібас ауданынан. Олардың арасында Александра Мащенко да болды.
Елімізде байрағын желбіреткен әскери патриоттық эстафета жалғасуда. 92 күн ішінде «Жеңіс таңбасы» Қазақстанның барлық аймақтарын айналып шығады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Хасан Борамбаев Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау бригадасына жиі келеді. Мұндағылар оны өздерінің құрметті ақсақалы әрі ақылшы ұстазы ретінде сыйлайды.
Қарағанды қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Сабырғали Құсенов бүгін 100 жасқа толды.
Батыс Қазақстан облысында бүгінде 264 соғыс ардагері қалды. Солардың бірі - 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысып, тарихи оқиғаны өз көзімен көрген Меңжан Әбдірахманов.
Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Букаткин - соғыс тарихын жазысуға үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі. Ол осы тақырыпқа арналған 100-ден астам очерк пен көптеген мақалалар жариялады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау акциясы елдің барлық өңірлерінде жалғасуда. Ардагерлер Елбасының арнайы құттықтауын алып, жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Солардың бірі жамбылдық - Александра Кичигина.
Жеңісті жақындатқан жандар әрдайым ел жадында. Осынау сұрапыл соғыстың куәгерлері бейбітшілік пен тыныштықтың мән-маңызы туралы кейінгі буынға айтудан жалыққан емес.
Павлодар облысында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Елбасының атынан Жаңа жылдық құттықтау хаттарды алып жатыр. Бейбіт күннің қадірін адамзат тарихындағы ең сұрқия, зұлмат соғысты көзбен көрген қариялардан артық ешкім біле қоймас.
Қостанай облысында қазір көзі тірі 368 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олардың барлығына Президенттің өзі қол қойған құттықтау хат пен арнайы жаңа жылдық сый-сыяпаттар табыс етілуде.
Отан үшін от кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ардақтау – ұрпақ парызы. Бұған Елбасының өзі айрықша көңіл бөліп отыр.
Бүгін Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Елбасының құттықтауын жеткізді. Ашық хатта Отан үшін от кешкен ерлерге деген Мемлекет басшысының жүрекжарды тілегі мен келе жатқан 2015 жыл және Жеңістің 70 жылдығына арналған құттықтауы бар.
Жамбылдық 20 Ұлы Отан соғысының ардагері Жаңа жыл қарсаңында Елбасының атынан құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын алды. Марапатталғандардың бірі - қарт жауынгер Уәтәй Әлімходжаев.