Хабар телеарнасы

Жетісу облысында дзюдошылар сынға түсті

Талдықорғанда 23 жасқа дейінгі дзюдошылар арасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Жаналинді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Талай жас таланттардың томағасын сыпырып, үлкен жарыстарға қосқан Бауыржан Секербекұлының білікті бапкер екенін жұрт жақсы біледі. Ол тек қана шәкірт тәрбиелеп қоймай, құрлықтық федерацияда қызмет ете жүріп, қазақ самбосының дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Сондықтан да болар Бауыржан Жаналин атындағы турнир біраз жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы жарыс жағрафиясы да кеңейген.

Еліміздің үш қаласы мен 14 облысынан келген 300-ден астам спортшы үш күн бойы жеті салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде бар шеберліктерін көрсетеді.

Ерлан Тәжіков, жарыстың бас төрешісі: 
- Балалар тәжірбие алса екен деп ұйымдастырып отырмыз. Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы бар, бәрі бір-бірімен күресіп жатыр. Бірінші, екінші, үшінші орын алған балаларға КМС және ақшалай сыйлық беріледі.