Хабар телеарнасы

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Қазақстандық спортшы Қытайдың Тайан қаласындағы лицензиялық турнирде қарсыластарынан басым түсті.

Батырхан алғашқы жекпе-жекте үндістандық Акшай Худаны жеңді. Шешуші сайыста Сауд Арабиясының өкілі Әли әл-Мабруктан айласын асырды. Есеп: 2:0.

17 жастағы жерлесіміз таеквондошылар арасынан алғашқы болып Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.