Хабар телеарнасы

Алматыда Кәбирхан сәйгүлігіне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Құлагердің ізін басқан жүйрік 2021 жылы Америка Құрама Штаттарында аукционнан 12 мың АҚШ долларға сатып алынған. Кәбирханның аты жер жарып тұрғаны сонша, тіпті Алматыда сәйгүлікке арналған баспасөз мәслихаты өтті.  

Кабирхан алғаш құнан жасында Алматыда бәйгеге түскен. Үш бірдей аламанда қара үзіп бірінші келген. Одан кейін иесі сәйгүлігін Ресейге апарған. Атбегі ретінде 30 жылдан аса Еуропаның кіл жүйрігін баптаған Арслангерей Шавуевті таңдаған. Кәбирхан Ресейде 6 мәрте ұшқыр бәйгеге қосылып, бесеуінде шашасына шаң жұқпай озық келсе, біреуінде екінші болып мәреге жеткен. Одан кейін Араб әмірлігіндегі қос бәйгеде қатарынан топ жарған Кәбирханды иесі 30 наурызда болатын ақтық сынға, яғни Dubai World Cup додасына үкілеп отыр. Финалдағы бәйгенің жалпы жүлде қоры 12 млн доллар.