Хабар телеарнасы

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз лидерін елорда әуежайында қарсы алды. Дипломатияда бұл айрықша құрметтің нышаны саналады. Мәртебелі мейманды салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.