Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов: Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз

Біз батыл әрекет ететін Үкімет боламыз. Премьер-министр Олжас Бектенов бүгін Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөнінде кеңес өткізіп, әрбір салаға жеке-жеке тоқталды. Мәселен, бюджет шығыстары толық экономикалық табыс әкелуге бағытталып, ал түсініксіз шығыстар жойылуы керектігі айтылды. Қаржы министрлігі 10 күнде республикалық бюджетке ревизия жүргізуді тапсырды. Аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуға тиіс. Кодексті қайта жазып, кәсіпкерлерге барынша қолайлы болуын қамтуды жүктеді. Алдағы уақытта отандық өндірісті қолдау қарқын алады. Ірі кәсіпорындарды қазақстандық тауарлар мен қызмет түрін пайдалануға шақырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
-Сапалы экономикалық серпіліс жасау үшін барлық ықтимал ресурстарды толық көлемде пайдалануымыз керек. Ресурстар бар, өсу қарқынын ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық салалық проблемаларды шешу үшін Үкіметке жеткілікті өкілеттіктер берілген. Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс. Жұмыс қарқыны қауырт, талап қатаң болатынын түсіну керек.