Хабар телеарнасы

Мұрат Нұртілеу Түрікменстан президентінің қабылдауында болды

Еліміздің Сыртқы істер министрі және Премьер-Министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу Түрікменстан президентінің қабылдауында болды. Кездесу барысында таяу жылдары 1 млрд долларға жетуі тиіс екі ел арасындағы сауда-саттық, халықаралық істердегі бауырлас мемлекеттердің ортақ ұстанымдары сөз болды. 

Айта кету керек, еліміздің бас дипломаты көрші мемлекетте бірнеше күндік іссапармен жүр. Ол Түрікмен Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді. Орталық Азия Корея форматындағы кездесулерге, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық шарты ұйымы және Орталық Азия мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің форумына қатысты. 

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі: 
- Қазақстан Орталық Азия елдерімен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында нақты интеграциялық жобаларды қолға алды. Нақты мысал ретінде Транскаспий дәлізін айтуға болады. Аталған дәліз арқылы Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастық нығая түседі. Сондай-ақ Қазақстан ауаға шығарылатын көмірқышқыл газын азайтуға жұмыс істеп жатыр. 2026 жылы елімзіде БҰҰ жиналысы өтеді.