Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Сингапур 12 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Сингапур құны 275 млн доллар болатын 12 құжатқа қол қойды. Астанада Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бизнес форум өтті. Екі елден 200-ден астам мемлекеттік органдар мен іскер топтарының өкілдері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мен Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі қатысты. Былтыр Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 1,92 млрд доллардан асқан. Ал биыл сауда-экономикалық ынтымақтастық одан әрі артпақ. Сингапурлық Surbana Jurong, PСА, ИInternational Cement Group сияқты ірі компаниядың қорында 642,6 млн долларды құрайтын 13 жобамен жұмыс істеуге мүдделі.

Жандос Темірғали, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: 
- Келісімдегі бағыттар, логистика, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы мен цифрландыру туралы болып отыр. Құрылыс материалдарын өндіру және Жамбыл облысындағы алтын және фосфалит кен орындарын игеру туралы келісімдер жасалуда.