Хабар телеарнасы

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Артур Ластаевпен кездесті

Тараптар адам құқықтарын нығайту, азаптауға қарсы іс-қимыл сынды өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе журналистердің құқығын қорғауға ерекше назар аударылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірқатар БАҚ өкілдеріне шабуыл жасауды ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адам ұсталған еді. Артур Лстаевтың пікірінше, бұл тұста құқық қорғау органдары өздерінің кәсібилігін көрсетті. Олар қылмыс жасаған күдіктілерді ғана емес, олардың ұйымдастырушыларын да тапты.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: 
- Мен жоғарғы комиссарға қазір жүріп жатқан қылмыстық істер жайлы хабарладым. Мұнда журналистер мен блогерлердің және өзге де тұлғаларды қорғау мәселесі жатыр. Біз бұл тергеулерді құптаймыз. Қылмыс жасаған кінәлілер лайықты жаза алып, әділ үкім шығады деп үміттенеміз. Жоғарғы комиссарға бұл жағынан да ақпарат беріп отырмыз.