Хабар телеарнасы

ҚХП кандидаттар тізімін ұсынды

Қазақстан Халық партиясы Орталық сайлау комиссиясына саяси науқанға қатысты құжаттарын тіркеді. Тізімде Мәжіліс депутаттығына ұсынылған 52 кандидат бар. Ал мәслихатқа баратын 700-ге жуық үміткердің аты-жөні анық болғанымен, тізім әлі толық жасақталмаған. Партиялықтар белгіленген квоталық талаптардың сақталғанын да айтады.

Серікқали Мұқашев, ҚХП төрағасының орынбасары:
-32,6% әйелдер жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған. Республикамыздың барлық өңірлерінен адамдар қамтылды. Сондықтан барлық талап ескерілді деп есептейміз.