Хабар телеарнасы

Қажыкен Өскемендегі цехтарды аралады

Жиында қызметкерлер тарапынан салаға қатысты сауалдар да қойылды. Сондай-ақ Мейрам Қажыкен жергілікті нан зауыты ұжымымен де кездесті. Мұндағы мамандар цехтың жұмысы туралы баяндап, дәм тату үшін жаңа піскен нан ұсынды. Әрі қарай кандидаттың бағдарламасы талқыланды. Өскемендегі сапар соңында Мейрам Зекешұлы қазақтың үш биінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:
-Шығыс өңіріне келіп отырмын. Медицина саласының қызметкерлерімен кездестік. Көп мәселе талқыладық. Екінші кездесу ГЭС-те болды. Онда да маңызды сұрақтар болды. Ой-пікір алыстық. Сүт өндіру зауытында болдық. Идеологиялық терең пікірталас болды. Өзім соған қуанып отырмын.