Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері көлік апаты 14% көбейді

Онда апатқа ұшырағандардың 69 проценті қаза тапқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Марат Ахметжанов хабарлады. Ішкі істер министрінің сөзінше, жүргізушілер жолдың қарсы бетіне шығып, апатқа ұшырайды. Себеп те жоқ емес. Өйткені жолдар ескі стандартпен төселген. Ені 7 метрден аспайды. Министр 6 мың шақырымнан астам жолды бірінші санатқа ауыстыру керектігін айтты. Ал Үкімет Басшысы бұл мәселеге баса назар аударуды тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Көлік апаттарының негізгі себептері — жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда не жарық жоқ, не жаяу жүргіншілер өтетін жер жоқ, не қауіпсіздік элементтері жоқ. Жол қауіпсіздік саласында бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетпейді.