Хабар телеарнасы

Президент сайлауы: кандидаттардың қол жинауы үшін берілген уақыт ұзартылады

Саяси науқанда арнайы санаттағы жандарға дауыс беруге жағдай жасалуы тиіс. Бұл жергілікті атқарушы органдарға қатысты тапсырма. Орталық сайлау комиссиясының үшінші отырысында қол қою парақтарына қатысты мерзімдер де қысқартылды. Яғни кандидат өз құжаттарын ұсынған соң, 5 күн емес, 2 күн ішінде қол қою парақтарын ала алады. Ал қолдағандардың қолын тексеру мерзімі 10 күннен 5 күнге қысқартылды. Комиссия мүшелері: «Бұл кандидаттардың қол жинауы үшін берілген уақытты ұзартады», — дейді. Үміткерлерді қолдау үшін дауыс жинау жұмыстарын әр кандидаттың сенімді өкілдері жүргізеді.

Асылбек Смағұлов, ҚР ОСК мүшесі:
-Кандидаттар өздерінің сенімді өкілдерін қалаулары бойынша тиісті сайлау округінде әр сайлау участкесінде үш адамнан аспайтын санда анықтайды. Тіркеу үшін олар туралы сайлау комиссиясына хабарлайды. Сенім білдірілген адам сайлау комиссиясына өзінің сенім білдірілген адам болуға келіскені туралы өтінішін табыс етеді.