Хабар телеарнасы

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

Мамандар қалған негізгі процесс қолданыстағы заң аясында өткізілетінін айтады. Сонымен қатар комиссия мүшелері үгіт-насихат жұмыстары үшін әр кандидатқа шамамен 10 млн қаржы бөлінеді деп болжап отыр.
Тиісінше үміткерлер заңға сай, ең төменгі жалақының жартысын жарна ретінде төлеуі тиіс. Сондай-ақ басты саяси науқанға қатысушылар 18 түрлі құжатты тапсыруы міндетті.

Шавкат Өтемісов ҚР ОСК мүшесі: 
-Құжаттың толық топтамасы болған кезде Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды. Уәкілетті мемлекетті органдарға дереу сұрау жібереді. Орталық сайлау комиссиясына мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу келіп түскен күннен бастап 2 күн ішінде белгілеу ұсынылады.