21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Сайлауға 59 күн қалды

  • Категория: Саясат
Сайлауға 59 күн қалды

Президент сайлауында алғаш рет бюлеттенге «Барлығына қарсымын» деген таңдау енгізіліп отыр.

Яғни ешбір кандидат сайлаушының көңілінен шықпаса, осы нұсқаны таңдайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы отырысында айтылды. Саяси партиялар ертеңнен бастап кезектен тыс президент сайлауына өз кандидаттарын ұсына алады. Аталған процеске 19 күн беріліп отыр. Үміткерлер 21 қазанда үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Статистика бойынша 12 млнға жуық сайлаушының бар екенін ескерсек, әр үміткер кемінде 118 мыңнан астам дауыс жинауы тиіс. Кандидаттарға қойылатын талап мынадай: ең бірінші ҚР азаматы болып туған. Соңғы 15 жылда ел аумағында тұрған, жоғары білімді, жасы 40-тан асқан, белсенді сайлау құқығы бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс істеген және мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуы тиіс.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК Төрағасы:
-Президентіміз бастамашылық жасап қазір дайындалған заңдар Парламент қабырғасында қызу талқылауда және Мәжілісте қаралып жатыр. Қолдайтыны болса Сенатқа өтеді. Бүгінгі таңда сайлау жарияланды. Сол себепті біз қолданыстағы заң бойынша осы сайлауды өткіземіз. 

Еске сала кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Сосын 12 сағаттың ішінде берілген дауыстар есептеледі. Нәтижесі 22 қарашада жарияланады. Әзірге науқанға қатысты шығын көлемі талқыланып жатыр екен. Комиссия мүшелерінің болжамы бойынша 20,5 млрдтан астам қаражат жұмсалады. 

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы сайлау науқанына қатысты пікір білдірді: «Президент сайлауын Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойғанға дейін, бір ай бұрын жариялады. Ал бұрын барлық кезектен тыс сайлау іс жүзінде, олардың өтетін күні туралы, Жарлыққа қол қойылған күні жарияланатын. Бұл уақыт алдағы науқанды кеңінен талқылау үшін ғана емес, сонымен бірге қатысушыларды, алдын ала дайындау үшін де жеткілікті», — дейді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
-Мемлекет басшысының 20 қарашадағы президенттік сайлауды тағайындау туралы Жарлығы жаңа сайлау циклын бастады. Бұл бастама соңғы үш жылдағы саяси өзгерістердің логикасына толық сәйкес келеді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа, теңдестірілген тәртібін бекітті. Жаңа модельді іске қосу үшін Президент, Парламент, Үкімет, мәслихаттар сияқты мемлекеттің негізгі институттарын қоса алғанда, бүкіл саяси жүйені қайта жаңғырту қажет. 

Сондай-ақ...