Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Арнайы қызмет мамандары биыл қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаудың 200-ден астам фактісін анықтаған.

Елдің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша, 295 миллион кибершабуылдың жолын кескен. 900 келі есірткі алынып, 16 есірткі зертханасы, 24 халықаралық есірткі арнасы жойылыпты.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында жұмысты жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.