Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен Қорғаныс министрін қабылдады

Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары мен сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту мәселесі де айтылды.

Сонымен қатар Президент Қорғаныс министрін де қабылдады. Руслан Жақсылықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады. Сондай-ақ арнаулы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, оқ-дәріні қауіпсіз сақтау, армияны заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықтау, әскери инфрақұрылымды жетілдіру барысы жөнінде есеп берді. Кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесі де талқыланды.

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.