Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

Ал Алматы облысының әкімі лауазымына Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. 

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалса, Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды. Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қызметін одан әрі жалғастыра береді. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бөлінеді. 

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.