Хабар телеарнасы

Еуроодақ Президент Қ. Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды

Мысалы, күні кеше Еуропалық одақ Қазақстанда 5 маусым күні өткен конституциялық референдумның нәтижелерін назарға алады деп мәлімдеді.

Ұйымның ресми өкілінің айтуынша, бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады.

Еуроодақ қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Қазақстан – Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес.

«Біз бейбіт жиналыстардың, пікір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркіндіктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің міндеттемелерін орындау, байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз», - делінген мәлімдемеде.