Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясы реформаларды қолдайды

Дауыс беру учаскелерінде қандай да бір заңбұзушылық анықталмапты. Саяси ұйымның төрағасы Әли Бектаев осылай деп мәлімдеді. Ол Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жалпыұлттық референдумға шығару әділ демократиялық шешім екенін айтты. «Ауыл» партиясы алдағы уақытта конституциялық реформаларды іске асыруға атсалыспақ.  Қазір ұйым экономика мен әлеуметтік саланы дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп жатыр. Адам құқығын қорғауға бағытталған заңдарды жетілдіру бойынша да бастамаларды қолға алған. Бүгінде партияның 300 мыңға жуық мүшесі бар.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Біз сол референдум күні өзіміздің азаматтық конституциялық құқықтарымызды ғана пайдаланған жоқпыз, біз болашақта Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетіміздің болашағы үшін өзіміздің жауапкершілігімізді мойнымызға алдық. Яғни біз Қазақстанның болашағы үшін бұдан былай билікпен бірге өзіміз де қызмет етуіміз керек.