Хабар телеарнасы

Республикалық референдумның алдын ала қорытындысы шықты

Осы жерде нақты сандарға тоқталып кетсек. Еліміздің өңірлерінде және шет елдерде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың 68% астамы дауыс беруге қатысқан. Бұл – 8 млн-ға жуық адам. Референдумға қойылған мәселеге жақтап дауыс бергендердің үлесі 77,18%. Ал 18,66% конституциялық түзетулерге қарсы дауыс беріпті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

- Жарамсыз деп танылды. Мұндай бюллетеньдер саны 206 мың 096 бюллетень болды. Референдумның алдын ала нәтижелері осындай. Аумақтық комиссиялар екі күннің ішінде хаттамалардың түпнұсқаларын әрбір өңір бойынша жеткізуге тиіс. Республикалық референдумның қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленіп болады. Оны өткізу күні мен уақыты сіздерге қосымша хабарланады.