Хабар телеарнасы

СҚО-да барлық референдум учаскесі салтанатты түрде ашылды

Сәйкесінше, саяси науқанда ауыл халқы белсенділік танытып жатыр. Осылайша, таңмен таласа тұрған тұрғындар азаматтық парыздарын орындауда.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сан ұлтқа саялы мекен болған, ынтымақпен бірлігі бекем болған, достықты ту еткен, тірлігін түлеткен Пеньково елді мекенінде тұрмыз.

Аталған ауыл облыс орталығынан небәрі 10 шақырымнан астам жерде ғана орналасқан. Таңмен таласа тұрған ағайын малдарын өріске шығарып, күнделікті тірлігін бір мезетке ысырып қойып, учаскеге ағылып жатқанын байқадық. Жалпы қазіргі таңда мұнда бір жарым мыңға жуық халық тұрады. Ал оның жартысы референдумға қатысу мүмкіндігіне ие. Ең бастысы –халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Учаскеге келгендерді жауаптылар жылы қарсы алып  жатыр. Маңыздысы, халық ел ертеңіне сеніммен қарайды. Сондықтан бүгін жауапкершілік танытуда. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- 648 учаскенің барлығы таңғы жетіден жұмысын бастап кетті. Оның 93-і Петропавл қаласында болса, қалғандары аудан мен ауылды жерлерде орналасқан. Саяси науқанда ауыл халқы белсенділік танытып жатқандығын айта кету қажет. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 380 мыңнан астам адам референдумға қатысып, өз таңдауларын жасай алады. Әзір еш заңбұзышылық тіркелген жоқ. Шара асқан ұйымшылдықпен өтуде. Тіпті жергілікті көркемөнерпаздар концерттік бағдарлама да ұйымдастырып жатыр.