Хабар телеарнасы

Асхат Оралов: Референдум – демократияға деген нақты қадамдардың бірі

Асхат Оралов, Amanat партиясының Атқарушы хатшысы:

- Біз қоғамның әр санатын ескеріп, әрбір санатымен кездесу ұйымдастырдық. Мысалы, спортшылармен кездесуге Павел Казанцев пен Дәулет Кәрібек қатысты, Серік Сәпиевті шақырдық. Спорттың өкілдері мен қатар саясат өкілдері де болу керек қой. Өзгерістер жайында сұрақтар болды, соларды спортшыларға толық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Ең алдымен, мажоритарлық сайлау жүйесі енгізілетінін, ауылдағы ағайын өз әкімдерін сайлай алатынын түсіндірдік. Сондай-ақ адамдар партия мүшесі болсын, болмасын өз-өзін ұсына алатынын айттық. Халық ішінде абыройлы, сөзі өтімді азаматтар мен азаматшалар өз кандидатурасын ұсына алады. Сондықтан бұл үлкен шешім деп есептеймін. Бұл – демократияға деген нақты қадамдардың бірі.

- Amanat партиясы өзгерістерге дайын ба?

Асхат Оралов, Amanat партиясының Атқарушы хатшысы:

- Әрине, Amanat партиясы еліміздегі ең ірі саяси күш қой. Әлеуетіміз өте зор. 23 жылдық тарихымыз бар. Қазақстанның әрбір аймағында, ауданға дейін инфроқұрылымымыз дамыған. 800 мыңға жуық партия мүшесі бар. Біз әрдайым дайынбыз. Ең алдымен мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде және де қазір жаңа Қазақстан – ол ең алдымен әділетті Қазақстан деген сөз. Әділетті Қазақстанды құру үшін – әділетті қоғам болуы керек. Сондықтан, Amanat партиясы және аманаттықтар әділетті қоғамның сақшысы ретінде жұмысты үйлестіреді.