Хабар телеарнасы

Саясат Нұрбек: Халық үлкен өзгерісті күтіп отыр

«Amanat» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты 19-22 мамыр аралығында жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Сауалнамаға 1700-ден астам респондент қатысқан. Қазір депутаттар ауыл-аймақтарды аралап, рефрендумның жай-жапсарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күні бүгінге дейін мыңға жуық кездесу өткізді. Басқосуларға 220 мыңнан астам адам қатысқан. 

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:

- Біз азаматтардың референдумды қолдайтынын байқадық. Менің жасым 31-де. Осы күнге дейін әлі бірде-бір рет референдумға қатыспадым. Соңғы референдум 1995 жылы болған. Қазір референдумға қатыспаған азаматтардың ең үлкені 43-те. Мұның өзі де референдумға қосымша қызығушылық алып келеді.

Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз ең қарапайым сөзбен әр адамның деңгейіне түсіп түсіндіруге тырысамыз. Жалпы алғанда, халықтың қолдауы бар. Бұған менің көзім жетті. Халық үлкен өзгерісті күтіп отыр. Ең бастысы, партиямыз, Парламент сол сенімді ақтауы керек.