+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қарағандылық кеншілермен кездесті

  • Категория: Саясат
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қарағандылық кеншілермен кездесті

Ерлан Қошанов көмір шығаратын ірі кәсіпорынның қызметімен танысып, тереңдігі 770 метр болатын шахтаға түсті.

Үй көрмей, бел жазбай, еңбек етіп жүрген кеншілермен референдумның төңірегінде әңгіме өрбітті. Мемлекет басшысының саясатын қолдайтынын жеткізіп, барша жұртты 5 маусымда өтетін науқанға қатысуға шақырды. Елімізде ауқымды өзгерістер басталғандығын айтқан Ерлан Қошанов: «Президент реформалары – сын-қатерлерге берілген нақты жауап», – деді. Сондай-ақ ол Қарағанды облысы еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

- Жұртшылық Мемлекет басшысының бастамаларын жақсы қабылдап, қолдап жатыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымды реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі керек. Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады.

Сондай-ақ...