Алдағы референдумның түсіндіру жұмыстары БАҚ-та кеңінен қамтылды
- Категория: Саясат

Тұрғындарға смс-хабарламалар жіберіліп, республикалық арналарда арнайы бағдарламалар жарық көрді.
Әлеуметтік желілерде де кең көлемде ақпарат беріліп жатыр. 500-ге жуық республикалық және өңірлік БАҚ-қа мониторинг жасалды. Күні бүгінге дейін заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров атқарылған шаруаларды тілге тиек етті. Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңеске бірқатар министрлік өкілдері қатысты.