Хабар телеарнасы

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгінде халық саны тығыз орналасқан өңірде мыңға жуық референдум өткізетін учаске бар. Оның 18-і  аумақтық болса, қалғаны облыстық, қалалық және аудандық саналады. Референдум күні 6 300-ден аса комиссия мүшесі бюллетень қабылдайды. Одан бөлек, комиссия төрағасы көптеген сауалға жауап беріп, алдын ала дайындықты пысықтады.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

- Біздің сайлау комиссияның басшылары мен мүшелері 14 өңірге шықты. Негізгі мақсат ­ учаскелердің дайындық барсын тексеру. Бізде ел бойынша 10 мыңнан астам учаскелік комиссия бар. Сол комиссия құрамында 70 мыңнан астам азаматтар жұмыс істеп жатыр. Тәжірибелері бар. Оқыту жүргіздік.