Хабар телеарнасы

Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiн қызметтен босатуға құқылы

Атап айтқанда, 4-тармақта Президенттің екі кандидатураны ұсына алатыны жайлы өзгеріс енгізілген.

Мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептелетін болады. Сондай-ақ аталған тармақтың толықтырылған тұсы да бар. Нақтырақ айтар болсақ, Президент өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiн қызметтен босатуға құқылы делінген.

Ал 5-тармақта Мәслихат депутаттарының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде Республика Президентіне не өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне қатысты мәселе қоюға болатыны айтылған.