Хабар телеарнасы

Серікқали Брекешев: 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілді

Ол Президентке елдің экологиясын жақсарту үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді. Серікқали Брекешевтің баяндауынша, 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен Ұлттық геологиялық қызметті құру барысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы министрлікке елдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды.