+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халыққа түсіндіруде

  • Категория: Саясат
Депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халыққа түсіндіруде

Конституциялық реформаның нәтижесінде мемлекетті басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады.

Талдықорғанда Аккумулятор зауытының жұмысшыларымен кездескен «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деді. Ол Мемлекет басшысы ұсынған референдум қоғамда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ететінін айтты. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің өркендеп, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Ашық бәсекелестік тек саясатқа ғана емес, экономикаға да әсер етеді. Егер экономикада да ашық бәсекелестік басталса, біз монополиялардың жұмысын тоқтата аламыз. Шағын және орта бизнеске, жаппай кәсіпкерлікке жаңа серпін беріп, талай адамды жұмыспен қамтып, шынын айтсақ, кедейшілікпен де күреске алуымыз мүмкін.

Сондай-ақ...