+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қ. Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны шекті межеге қайтаруды тапсырды

  • Категория: Саясат
Қ. Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны шекті межеге қайтаруды тапсырды

Өткен жылы Ұлттық қордан 4,5 трлн теңге трансферт бөлінсе, биыл Үкімет тағы 4,6 трлн теңге сұрап отыр.

Мұндай трансферттерді біртіндеп азайту қажет. Бюджет қордың қаражатына иек артпауы керек. Ақордада Ұлттық банктің есебін тыңдауға арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп ескертті.

Президент дес бермей тұрған инфляциямен күресте жұмысты күшейту қажеттігін де баса айтты. Мысалы, инфляция өткен айда 13% асып, соңғы алты жылдағы рекордты жаңартқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтаруды тапсырды.

Сонымен қатар осы жиында ол еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге, соның ішінде «Достық-Мойынты» теміржол учаскесі мен басқа да бірқатар мемлекетаралық теміржол дәлізін жаңғыртуды жүктеді.

Ал Ұлттық банк өкілдері Президентке ұлттық төлем жүйесі жайында айтып, цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Президент жиын соңында Ұлттық банктің жылдық есебін мақұлдап, осынау күрделі кезеңде еліміздің қаржылық тұрақтылығын сақтауды тапсырды.

Сондай-ақ...